Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня
Площадка открыта для сертифицированных учителей Тайыншинского района и предоставляет дополнительные возможности для обмена опытом и совместного решения профессиональных проблем силами всех его участников.
  • Страница:
  • 1

ТЕМА: Мен және менің мектебім жаңалыққа құштар.

Мен және менің мектебім жаңалыққа құштар. 4 года 9 мес. назад #978

«... Бізге бұрынғы қай кездегіден де
білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын
барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет»
Н.Назарбаев

Мен және менің ұжымым жаңалыққа құштар.
Қайсыбір жылдары Назарбаев оқулары болады деген әңгіме естіген күннен «барсам» деген бір ауыз сөз санамда жатталып қалса керек,сол қызығушылығым мен тәжірибемді жетілдірсем деген мақсатым ұштасып, «сабақты ине сәтімен» демекші Кембридж оқыту бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан 3-деңгейлік курсқа келдім.Қазіргі таңда оқу барысында азды-көпті тәжірибемен өз қоржынымды толтырудамын.
Мен алғашқылардың бірі болып, қоржыныма жинап жатқан жаңалықтарымды алдағы уақытта өз тәжірибемде іске асыратыныма шексіз қуаныштымын. Мектебіме барып, бар жаңалықты әріптестеріммен бөлісіп, шәкірттеріме бойымдағы бар күшіммен қызықтыра жеткізуге асығудамын. Сол сәтті ойлсам,дәл қазір уақыт алдыға жылжымай қойған тәрізді
Қазекем «Жас келсе іске» деп бекер айтпаса керек-ті.Сол себепті де мектебімнің ұжымымен бірлесе отырып,өз тәжірибесінде жетістікке жетуге талпынатын,мектебіміздің жаңа ағымнан қалыспай сапалы білім беруіне де мүмкіндік жасайтын,ол туралы ойлауға мүмкіндік тудыратын шығармашыл мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас жасаймын.
Кез-келген істің жеңілі де,қиыны да болады ғой «Көз қорқақ, қол батыр»,- дегендей бірден оңайға түспейтінін іштей сеземін де, алайда «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Назарбаевтың сөзі есіме түскенде, ұстаздарға жүктелген жауапкершілікті сезініп, қорқынышым да сейіліп сала береді.
Әрине, бұл бағдарлама жайлы бұрын да хабарым бар.Мектебіміздегі осы деңгейлікті бітіріп келген әріптестерім жеті модулмен терең таныстырып,сыни тұрғысынан ойлауға үйретуге әсер ететін әдіс-тәсілдерге кеңірек тоқталуда. Осыдан менің байқағаным кейінгі кезде әріптестерімнің бір-бірімен жиі пікір алысып, қоя-қолтық іске кіріскені.
Р.Ф. атты әріптесімнің де қуанышты жүзбен«Бұрын менің басқа мұғалімдердің не өткізіп жатыр,не қойып жатыр ісінде жұмысым болмаушы еді,ал қазір маған бәрі де қызықты егер мен мұғалімдермен хабарласпасам бірдеңені білмей қалатындай боламын»,-дегені мектебімдегі әріптестерімнің жаңалыққа құштар екенін байқауға болады.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов:«Жалғыз сүйеніш,жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те,жұрттығымызды сақтасақ та,дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та,бір ғана оқудың арқасында аламыз.Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу»,-деп ғылым,білім,оқудың маңызын сонау жылдары қара халыққа көрсетіп кетпеді ме?!
Ал,қазіргі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Яғни, мен және менің ұжымым да жаңалыққа құштар.
Администратор запретил публиковать записи.

Мен және менің мектебім жаңалыққа құштар. 4 года 9 мес. назад #982

  • Шолпан
  • Шолпан аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 12
  • Спасибо получено: 2
  • Репутация: 0
Алтын апай Міржақып Дулатов:«Жалғыз сүйеніш,жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те,жұрттығымызды сақтасақ та,дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та,бір ғана оқудың арқасында аламыз.Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу»,-деп айтқандай 20 ғасыр басындағы айтылған маңызды сөз 21 ғасырда өз мәнін жоғалтпаған! Сондықтан, жаңалыққа кұштарлық ол талапқа сай қызмет жасау!
Администратор запретил публиковать записи.

Мен және менің мектебім жаңалыққа құштар. 4 года 7 мес. назад #1162

  • Калиева Маржан
  • Калиева Маржан аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 10
  • Спасибо получено: 2
  • Репутация: 0
Сәлеметзізбе Алтын! 3-деңгейлік курстан алған білімдерімізді жүзеге асыруға барынша ұмытыламыз. Ең бірінші қадамды жасауға қорқынышты сезіммен болды, бірақ әріптестерімнің қолдауымен бар күшімді салуға тырысамын.
Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т.Фуллер.
Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн – сіз ушін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.
Станиславский.
Жаңа талаптарға сай балалардың білімдерін жаңаша өзгертуге біздің міндетіміз.
Администратор запретил публиковать записи.

Мен және менің мектебім жаңалыққа құштар. 4 года 3 мес. назад #1589

Сәләмәтсіздер ме, әріптестер! Демалыстарыңыз сәтті болсын! Келесі оқу жылына жаңа жаңалықпен келулеріңізге тілектеспін. Біз биылғы оқу жылында ата-аналарға воркшоп жасаумен тәммәмдап отырмыз. Алдағы жазғы екі айда да жоспарланған жұмыстар бар. Былтырғы 2014-2015 оқу жылы бойынша бар мәліметтерді, оқушылардың жетістік деңгейлері туралы мәліметтерді, мектеп ортасының тиімділігі, ата-аналардың балаларының білім алу үрдісіне қатысу деңгейін сараптау т.б. Ол келесі МДЖ басымдықтарын анықтаудың басты қадамы.
Администратор запретил публиковать записи.
  • Страница:
  • 1